Керимбаева мен Попко Шымкент қаласындағы ITF турнирінің ширекфиналына өтті

14.04.2017    Оқылғаны: 2099
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Камила Керимбаева Шымкент қаласындағы ITF турнирінің екінші айналымымнда неміс теннисішісі Лиза Матвиенконы 6:4, 5:7, 6:4 есебімен жеңіп, ширекфиналға өтті. Ал финалға өту үшін, Камила ресейлік теннисші Каринэ Саркисовамен сынға түседі.
 
Жұптық матчтарда қазақстандық теннисші Екатерина Клюева мен ресейлік Ксения Шарифова ширекфиналда белорусстық теннисші Илона Кремень және ресейлік Яна Сизиковамен кездеседі.

Ал Дмитрий Попко украиандық Александра Белинскиді ұтып, ширекфиналға жолдама алды. Дмитрийдің келесі қарсыласы испандық теннисші Марио Вилелья Мартинес болмақ. Сонымен қатар, Дмитрий Попко мен Тимур Хабибуллин жұптық ойында да ширек финалға өтіп, келесі матчта чех теннисшісі Салаба Либора және Словакиядан келген теннисші Адриана Сикорамен кездеседі.
 
Еске сала кетсек, турнирдің жалпы жүлде қоры $30 000.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер