Попко мен Хабибулин ITF турнирлеріне қатысуда
Қазақстандық Дмитрий Попко Анталияда өтіп жатқан ITF Futures жарысына қатысуда. Ол бірінші айналымда ресейлік Артем Дубривнойды 6:1,7:6(5) есебімен ұтты.Келесі кезеңде біздің спортшы түрік теннисшісі Шарп Агабигунмен кездеседі.

Сондай-ақ, қазақстандық Тимур Хабибулин Үндістанда өтіп жатқан xалықаралық ITF жарысында өнер көрсетуде.Бірінші айналымында Тимур Юи-Чен Хунды 7:6(5).7:5 есебімен ұтты. Енді Тимур екінші айналымда Н.Виджай Сундар Прашантпен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.





























