Александр Бублик Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

11.10.2026    Оқылғаны: 187
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Шанхайда хард төсемінде өтіп жатқан ATP 1000 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзінің 19-ракеткасы, америкалық Брэндон Накашимамен кездесті.

Үш сетке созылған матч Бубликтің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 6:7 (7:9), 6:3, 7:6 (7:5).

Теннисшілер кортта 2 сағат 27 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, екі қос қателік жіберді және қол жеткізген жалғыз брейк-пойнтын сәтті пайдаланды. Бублик өз геймдерінің ешқайсысын қарсыласына берген жоқ.

Төртінші айналымда Бублик әлемнің екінші ракеткасы әрі турнирдің бірінші нөмірімен тіркелген неміс теннисшісі Александр Зверевпен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер