Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті

09.10.2026    Оқылғаны: 168
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған және турнирде 19-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 75-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачпен кездесті.

Екі сетке созылған матч Бубликтің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 6:4, 7:6 (7:4).

Теннисшілер кортта 1 сағат 25 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 18 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі америкалық Брэндон Накашимамен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер