Бексұлтан Бауыржанов Алматыдағы халықаралық жасөспірімдер турнирінің финалисі атанды

08.10.2026    Оқылғаны: 166
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Алматыда World Tennis Tour Juniors сериясына кіретін J30 Almaty халықаралық жасөспірімдер турнирінің ұлдар арасындағы жекелей сын жарыстары аяқталды. Қазақстандық қатысушылар арасында үздік нәтижені финалға шыққан Бексұлтан Бауыржанов көрсетті.

Негізгі кезеңде 32 теннисші өнер көрсетті. Жарыс екі кезеңнен тұрды: алдымен қатысушылар сегіз топта бақ сынады, содан кейін әр топтың жеңімпазы ширек финалда жарысты жалғастырды.

Турнирдің екінші ракеткасы Бауыржанов топтық кезеңде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, үш жеңіске қол жеткізді. Ширек финалда қазақстандық теннисші отандасы Анатолий Цыбульконы 2:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңсе, жартылай финалда Қазақстанның тағы бір өкілі Виктор Сериковтан 6:1, 6:0 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Бауыржанов турнирдің үшінші ракеткасы, әзербайжандық Рафаэль Гусейновпен кездесті. Матч Гусейновтың пайдасына 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.

Виктор Сериков турнирдің жартылай финалына шықты. Өз тобында жеңімпаз атанған ол ширек финалда қазақстандық Юнус Зульфарды 6:2, 2:6, 6:3 есебімен ұтты.

Жалпы ширек финалға Қазақстанның бес өкілі шықты: Бексұлтан Бауыржанов, Виктор Сериков, Диас Төлепбергенов, Юнус Зульфар және Анатолий Цыбулько.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында  пайдалана алады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер