Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады

22.09.2026    Оқылғаны: 322
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Грек теннисшісі Стефанос Циципас 2026 жылғы 17–25 қазан аралығында Алматыда өтетін Almaty Open ATP 250 халықаралық турниріне қатысатынын растады.

Циципас – әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін финалисі және 2019 жылғы ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы.

Грек теннисшісі өз мансабында жекелей сында ATP турнирлерінің 12 титулын жеңіп алған. Олардың қатарында Монте-Карлода өткен беделді Masters 1000 сериясындағы турнирдің үш чемпиондық атағы бар (2021, 2022, 2024). 2021 жылдың тамызында ол әлемдік рейтингте мансабындағы ең жоғары көрсеткіш – үшінші орынға көтерілді.

Циципас «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалына екі рет шыққан: 2021 жылы «Ролан Гаррос» және 2023 жылы Australian Open турнирлерінде. Сонымен қатар, 2019 жылы ол ATP қорытынды турнирінің чемпионы атанды.

Грек теннисшісінің қатысуы әлемдік теннистің танымал өкілдерін Қазақстанда жинайтын Almaty Open ATP 250 турнирінің қатысушылар құрамын күшейте түседі.

Бұған дейін турнирге Андрей Рублев, Даниил Медведев, Карен Хачанов, Лучано Дардери, Томаш Махач, Фабиан Марожан, сондай-ақ Қазақстан өкілдері Александр Бублик пен Александр Шевченко қатысатынын растаған болатын.

Almaty Open ATP Tour ресми күнтізбесіне енеді және ATP 250 санатында өткізіледі. Турнир қазақстандық жанкүйерлерге әлемдік теннис жұлдыздарының Алматы корттарындағы өнерін тамашалауға мүмкіндік береді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер