Андрей Рублев Almaty Open ATP 250 турниріне қатысатынын растады

22.09.2026    Оқылғаны: 520
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Теннисші Андрей Рублев 2026 жылғы 17–25 қазан аралығында Алматыда өтетін Almaty Open ATP 250 халықаралық турниріне қатысатынын растады.

Рублев – әлемдік теннистің танымал өкілдерінің бірі, әлемнің бұрынғы бесінші ракеткасы, ATP турнирлерінің жекелей сындағы жеңімпазы және Токио-2020 Олимпиадасының аралас жұптық сындағы чемпионы.

Спортшы жекелей сында ATP турнирлерінің 18 титулын жеңіп алған. Олардың қатарында Монте-Карло (2023) және Мадридте (2024) өткен беделді Masters 1000 сериясындағы турнирлердің жеңістері бар. 2021 жылдың қыркүйегінде ол әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді.

Ресейлік теннисшінің қатысуы әлемдік турдың жетекші ойыншыларын Алматыда жинайтын алдағы турнирдің тағы бір жарқын оқиғасына айналмақ.

Бұған дейін Almaty Open ATP 250 турниріне Даниил Медведев, Карен Хачанов, Лучано Дардери, Томаш Махач, Фабиан Марожан және Қазақстан өкілдері Александр Бублик пен Александр Шевченко қатысатынын растаған болатын.

Almaty Open турнирі ATP Tour күнтізбесіне енеді және ATP 250 санатында өткізіледі. Турнир Қазақстандағы күзгі маусымның басты теннис оқиғаларының біріне айналып, жанкүйерлерге әлемдік теннис жұлдыздарының өнерін тамашалауға мүмкіндік береді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер