Соня Жиенбаева W35 турнирінің финалына шықты

15.08.2026    Оқылғаны: 104
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан W35 санатындағы турнирдің финалына шықты.

Әлемдік рейтингте 450-орында тұрған Жиенбаева жартылай финалда әлемнің 272-ракеткасы, Португалия өкілі Матильда Жоржемен кездесті.

Тартысты өткен матч үш сетке созылды. Қазақстандық теннисші алғашқы партияда тай-брейкте жеңілгенімен, кейін ойын барысын өзгертіп, 6:7 (8:10), 6:4, 6:2 есебімен ерік-жігер танытып жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді.

Финалда Соня WTA рейтингінде 332-орында тұрған Қытай өкілі Юфэй Жэньмен кездеседі. Шешуші матч ертең, 16 тамызда, Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Айта кетейік, Жиенбаева осымен екінші турнир қатарынан финалға шығып отыр. Өткен аптада қазақстандық теннисші Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 турнирінде де шешуші матчқа дейін жеткен болатын.

Сондай-ақ бүгін Жиенбаева жұптық сында жартылай финалдық кездесу өткізді. Ресейлік Екатерина Яшинамен бірге өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Испания өкілі Виктория Гомез бен Нидерланд өкілі Аранча Русқа есе жіберді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер