Александр Шевченко Гштаадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалында тоқтады

18.07.2026    Оқылғаны: 117
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты.

Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 85-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Шевченконың 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр төрт эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және өзі иеленген үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Александр Шевченко Швейцариядағы турнирдегі өнерін жартылай финал кезеңінде аяқтады. Соған қарамастан, ол рейтингтік қоржынына қосымша ұпай жинап, ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында 16 сатыға жоғарылайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер