
Александр Шевченко Гштаадтағы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда жергілікті спортшы, әлемнің 360-ракеткасы Доминик Штрикермен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Шевченконың 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Александр тоғыз эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалда Александр Шевченко Александр Бублик пен франциялық Кентен Гали арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
























