Жібек Құламбаева W50 турнирінің финалына жолдама алды

19.06.2026    Оқылғаны: 181
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өтіп жатқан W50 санатындағы турнирдің жұптық сыны бойынша жартылай финалда жеңіске жетті.

Топырақ төсенішіндегі жарыста қазақстандық спортшы украиналық Валерия Страховамен бірге өнер көрсетуде. Құламбаева мен Страхова жұбы турнирде бірінші нөмірмен тіркелген. Финал жолдамасын сарапқа салған кездесуде олар жергілікті теннисшілер Ралица Александрова мен Валерия Гарневскаға қарсы ойнады.

Матч екі сетке созылып, Құламбаева мен Страхованың 6:2, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

W50 турнирінің чемпиондық атағы үшін қазақстандық-украиналық жұп 20 маусым күні Грекия өкілі Марта Матула мен АҚШ теннисшісі Хиба Шейхке қарсы кортқа шығады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер