Алматыда ITF J100 халықаралық турнирі басталды

15.06.2026    Оқылғаны: 109
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Алматы қаласындағы ЦСКА Теннис орталығының топырақ жабынды корттарында ITF J100 халықаралық жасөспірімдер турнирі басталды. Жарыс маусымның 15 мен 21-і аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге Қазақстан мен әлемнің өзге елдерінен 18 жасқа дейінгі теннисшілер қатысуда.

Турнир ITF World Tennis Tour Juniors күнтізбесіне енген және қатысушылар арасында Халықаралық теннис федерациясының (ITF) рейтингілік ұпайлары сарапқа салынады.

Жарыстар ұлдар мен қыздар арасында жекелей және жұптық сында өтеді. Жекелей сындағы негізгі жарыс кестесінде ұлдар мен қыздар арасында 48 спортшыдан өнер көрсетеді. Ал іріктеу кезеңінде 32 ұл және 24 қыз бақ сынайды. Жұптық сында жүлделер үшін 24 дуэт таласқа түседі.

Қазақстанда халықаралық жасөспірімдер турнирлерін өткізу отандық теннисшілердің әлемдік деңгейде тәжірибе жинақтап, өз алаңында рейтингілік ұпай еншілеуіне мүмкіндік туады. Мұндай тәжірибе жас спортшылардың кәсіби ересектер деңгейіне өтудегі маңызды кезеңі ретінде саналады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер