Александр Шевченко Братиславадағы Челленджер турнирінің финалына шықты

13.06.2026    Оқылғаны: 114
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияда өтіп жатқан Челленджер санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы атанған Шевченко жартылай финалда әлемнің 215-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисшінің 6:4, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 37 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр бес эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына жолдама алды. Шешуші кездесуде ол италиялық Федерико Чина мен жапониялық Даниэль Таро арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер