Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалында ойнайды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында Франция ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалдық кездесуде Анна сербиялық Александра Круничпен бірге австралиялық-нидерландылық Эллен Перес / Деми Схюрс тандемін екі сетте қапы қалдырды. Тартысты өткен матч 6:4, 7:6 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Енді Үлкен дулыға турнирінің шешуші бәсекесіне шығу үшін Данилина мен Крунич Жапония және Тайвань елінің өкілдері Сюко Аояма / Лян Энь Шо жұбымен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар, Анна Данилина аралас сындағы (микст) бәсекесін аяқтады. 1/4 финалда Данилина мен америкалық Джеймс Трэйси жұбы қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.