Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

31.05.2026    Оқылғаны: 245
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
17 жасар қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.

Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде қазақстандық теннисші Мотохару Абе (Жапония) – Агасси Рашер (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер