Аймақтың ең үздігі кім? Қазақстан Junior Davis Cup іріктеуінің финалында бақ сынайды
Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы аймақтың ең үздік командасы атағын сарапқа салады. Шымкентте өтіп жатқан Junior Davis Cup турнирінің Азия/Мұхит жағалауы аймақтық іріктеу кезеңінің жартылай финалында отандастарымыз Үндістан құрамасын 2:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Финалдық жолдама тағдыры жекелей сындағы кездесулерде-ақ шешілді. Алғашқы болып кортқа шыққан Ахмади Маханов қарсыласы Тавиш Пахваны 6:2, 6:2 есебімен бет қаратпай ұтты. Одан кейін Аңсар Ниетқалиев Хрутик Катакамнан 6:2, 6:3 есебімен басым түсіп, команда жеңісін бекіте түсті. Регламент бойынша, серия тағдыры шешілгендіктен, жұптық ойын өткізілген жоқ.
Жарыстың 5-нөмірлі құрамасы саналатын Қазақстанның шешуші матчтағы қарсыласы – Аустралия (3-нөмірлі құрама) болмақ. Параллельді өткен жартылай финалда австралиялықтар тартысты бәсекеде іріктеудің басты фавориті – Жапонияны (1-нөмірлі құрама) жарыс жолынан шығарды. Жекелей сында қос құрама бір-бірден жеңіске жетіп, текетірес тағдыры жұптық ойынның супертайбрейкінде шешілді. Онда Таики Такизава мен Итан Доминго жұбы Такахиро Кавагучи мен Шинтаро Огакиден айласын асырды.
.jpg.jpeg)
Осылайша, турнирдің бас жүлдесін Қазақстан мен Аустралия сарапқа салса, үшінші орын үшін Жапония мен Үндістан кездеседі.
Финалдық ойындардың нәтижесіне қарамастан, жартылай финалға жеткен төрт құрама да (Қазақстан, Аустралия, Жапония және Үндістан) Junior Davis Cup жарысының финалдық кезеңіне жолдаманы қалтаға басты. 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жылдың басты командалық додасы осы күзде әлемнің ең мықты 16 құрамасының қатысуымен өтеді. Әлемдік біріншіліктің қай қалада өтетінін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) кейінірек жариялайды.
Шымкенттегі турнирдің 5-6 орындары үшін өтетін жұбаныш финалында Оңтүстік Корея (2-нөмірлі құрама) мен Өзбекстан (6-нөмірлі құрама) шеберлік байқасады.
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.