Елена Рыбакина Римдегі «мыңдық» турнирінің ширек финалына шықты

12.05.2026    Оқылғаны: 189
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі сәтті сапарын жалғастыруда. Жарыстың төртінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы чехиялық теннисші, кезінде рейтингте көш бастаған Каролина Плишкованы (130 WTA) айқын басымдықпен жеңді.

Небәрі 57 минутқа созылған кездесуде отандасымыз қарсыласын екі сетте – 6:0, 6:2 есебімен тас-талқан етті. Бірінші партияда Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм бермей басым түсті. Екінші сетте де Елена басымдығын сақтап, алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Матч барысында қазақстандық теннисші бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді.

Осы жеңісінің арқасында Рыбакина Плишковамен өткен өзара кездесулеріндегі есепті еселей түсті. Енді екі теннисші арасындағы жеке кездесулер көрсеткіші 4:0 – Еленаның пайдасына.

Рим турнирінің жартылай финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина әлемнің оныншы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер