Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

10.05.2026    Оқылғаны: 182
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италия астанасында өтіп жатқан «мыңдық» турниріндегі жорығын жалғастыруда. Жарыстың үшінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы Филиппин өкілі Александра Эаланы (42 WTA) екі сетте сенімді түрде жеңді.
 

Корттағы кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 6 эйс жасап, доп беру кезіндегі тұрақтылығымен көзге түсті. Матч 6:4, 6:3 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Елена екі партияның да шешуші тұстарында тәжірибесі мен басымдығын толық пайдалана білді.

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина Лаура Зигемунд (Германия) – Каролина Плишкова (Чехия) жұбының үздігімен кездеседі.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Рим турнирінде жеңімпаз атанған болатын.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер