Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы ITF Juniors J500 турнирін жеңіспен бастады

05.05.2026    Оқылғаны: 191
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Германияның Оффенбах қаласында ITF Juniors J500 сериясының суперсанатты турнирі жалауын көтерді. Халықаралық күнтізбедегі мәртебесі жағынан тек «Үлкен дулыға» додаларына ғана жол беретін бұл жарысқа әлемнің ең үздік жас ракеткалары жиналған.

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 8-ші сатыда тұрған қазақстандық Заңғар Нұрланұлы осы турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы мәртебесін алғашқы айналымда-ақ дәлелдеді. Ол бастапқы кездесуінде аргентиналық Томас Реден (149 ITF Juniors) 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта Заңғар чехиялық Якуб Шмейцкимен (267 ITF Juniors) шеберлік байқасады.

Турнирдің алғашқы кезеңінен Даниэль Тазабеков те (77 ITF Juniors) сүрінбей өтті. Ол екі сетке созылған тартысты бәсекеде Германия өкілі Нильс Мертгенсті (501 ITF Juniors) қапы қалдырды – 7:6 (7:5), 6:2. Даниэльдің келесі қарсыласы алдағы матчтардың нәтижесі бойынша анықталады.

Оффенбахтағы бұл сыни бәсеке 31 мамырда Парижде басталатын жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» (Франция ашық чемпионаты) турниріне дайындықтың шешуші кезеңі саналады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер