Елена Рыбакина Майамидегі беделді турнирдің жартылай финалына шықты
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 сериялы Miami Open додасында бас жүлде үшін күресті жалғастыруда. Ширек финалдық бәсекеде отандасымыз АҚШ өкілі, әлемнің 5-ші ракеткасы Джессика Пегуланы қапы қалдырып, тартысты матчта жеңісті жұлып алды.
Ойын басы жерлесіміз үшін оңай болған жоқ: алғашқы сетте Рыбакина өз ырғағын таба алмай, негізсіз қателіктерге бой алдырды. Соның салдарынан бірінші партия 2:6 есебімен америкалық теннисшінің еншісінде кетті. Дегенмен, екінші кезеңде Қазақстан құрамасының көшбасшысы жинақталып, өз ойынын жақсартты және таразы басын теңестірді – 6:3.
Шешуші кезеңде Елена қарсыласының қарсылығын толықтай басып, сетті 6:4 есебімен аяқтады. Кездесудің жалпы қорытындысы – 2:6, 6:3, 6:4. Бұл табыс қазақстандық теннисшінің турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Енді финал жолдамасы үшін Елена Рыбакина Арина Соболенко (WTA №1, Беларусь) мен Хейли Баптист (WTA №45, АҚШ) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.