Данилина мен Крунич Дубайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

18.02.2026    Оқылғаны: 359
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Анна Данилина мен Александра Круничтен құралған қазақстан-сербиялық дуэт Дубайда өтіп жатқан беделді WTA 1000 санатындағы турнирде жеңісті жолын жалғастыруда.

Екінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы мен оның серіктесі П. Плипыч/Р. Бхосале тандемін сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Матчтың алғашқы сеті Анна мен Александраның толық басымдығымен өтті: олар доп қабылдаудағы агрессивті ойыны мен тор алдындағы шеберлігінің арқасында айқын басымдыққа ие болды. Екінші партияда қарсыластар барын салып, ойынды тай-брейкке дейін жеткізді. Дегенмен, шешуші сәтте қазақстан-сербиялық жұптың тәжірибесі мен суыққандылығы матчты екі сетте аяқтауға мүмкіндік берді.

Жартылай финал жолдамасы үшін Данилина мен Крунич Людмила Киченок және Дизайр Кравчук жұбына қарсы кортқа шығады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер