Аружан Сағындықова жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді

05.01.2026    Оқылғаны: 408
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалында ойнады.

Қазақстандық теннисші ресейлік Мария Головинамен бірге финалда доданың 1-ракеткалары, жапониялықтар Мана Кавамура – Хонока Кобаясимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Аружан мен Мария екінші сетте есесін жібермеді - 6:2. Осылайша, Аружан Сағындықова жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер