Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарды

08.12.2025    Оқылғаны: 362
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Альбина Кәкенова 18 жасқа дейінгілер арасында Үндістанда өткен екі ITF Juniors 100 турнирінде чемпион атанды.

Альбина алдымен тағы бір қазақстандық Сәтима Төрегенмен бірге жұптық сында Нью-Дели додасында үздік шықты.

Онда қазақстандық дуэт финалда ресейліктер Ксения Ахрамеева – Ева Колядинаны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Альбина Кәкенова жекелей сында Пуне қаласында өткен жарыста қарсылас шақ келтірмеді. 

Альбина сенбі күні соңғы бәсекеде үндістандық Диа Рамешті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер