Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды

29.11.2025    Оқылғаны: 447
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші, әлемнің 283-ракеткасы Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты.

Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.

Осылайша, З.Дияс 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды. 

Зарина Дияс спорттық жолында Мельбурнде 2014, 2015, 2020 және 2021 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер