WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды

04.11.2025    Оқылғаны: 370
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде екінші кездесуін өткізді. 

Қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кортқа шықты.

Бұған дейін қарсыластар өзара он рет кездесіп, соның алтауында Швентек басым түскен еді.

Бүгінгі ойынның маңыздылығы сол, онда ұтқан теннисші жартылай финалға жолдама алатын еді. Өйткені Рыбакина да, Швентек те, алғашқы кездесулерінде жеңіске жеткен болатын. Бірінші партияда Швентек басымдылық танытты — 6:3. Бұдан кейін Елена дес бермеді — 6:1, 6:0.

Бір сағат 38 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 7 брейік-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде өз спорттық жолында алғаш рет жаотылай финалға мерзімінен бұрын шықты.

Енді Елена өз тобындағы соңғы бәсекесін 5 қараша күні әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізеді. 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер