Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жұптық сында Almaty Open ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

19.10.2025    Оқылғаны: 2524
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти Алматыдағы хард төсенішіндегі ATP 250 турнирінің финалында германиялықтар Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерді ұтты - 6:4, 7:6(9:8).

Аррибаж жұптық сында АТР турниріндегі екінші, Оливетти үшінші титулын жеңіп алды. Олар екеуіне 250 рейтингілік ұпай мен 55 830 АҚШ долларына, ал Шнайттер мен Вальнер 150 ұпай мен 29 990 АҚШ долларына ие болады.  

«Біз бұл шынында да үздік апта болды деп ойлаймыз. Біз өз ырғағымызды тауып, нағыз команда ретінде ойнадық. Көптеген күрделі матчтар болды, бірақ біз аяғына дейін күресіп, жеңудің амалын таптық. Биыл Алматыда жеңімпаз атанғанымызға өте қуаныштымыз.  Шынында да бұл ATP 250 деңгейіндегі тамаша турнир болды — бәрі жоғары дәрежеде, сапалы ұйымдастырылған.  Жанкүйерлер бізді мықты қолдады, біз мұны өте бағалаймыз. Барлығына мың алғыс, табыс тілейміз», деді матчтан соң турнир чемпиондары.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер