Михаил Кукушкин АТР 250 Almaty Open турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

11.10.2025    Оқылғаны: 347
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты.

Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы жапониялық Таро Даниэльді 7:6, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Келесі айналымда Кукушкин австралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі.

«Үйде ойнау мен үшін әрқашан ерекше. Кортқа шыққанда жанкүйерлердің қолдауын сезіну қосымша мотивация мен күш береді. Алматыдағы жанкүйерлер мені өте жылы қарсы алады, бұл біз, ойыншылар үшін, ерекше маңызды» – деді Кукушкин.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер