
18 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты: Заңғар Нұрланұлы финалға шықты
Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында ITF Juniors J300 сериясындағы турнирдің финалистері анықталды.
Бұл жарыс 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы бейресми Азия чемпионаты болып есептеледі.
ITF юниорлар рейтингінде әлемнің 23-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы финалға жолдама алды.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Гонконг өкілі Николас Ченгті (135-орын) небәрі бір сағатта 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Бұл – Заңғардың хардтағы қатарынан 10-жеңісі.
Финалда Заңғар Нұрланұлы Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Финалдық матч ертең, 12 қазанда өтеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
17.11.2025
ҚТФ баспасөз қызметі


























