ATP 250 Almaty Open турнирі іріктеу ойындарының жеребесі тартылды

11.10.2025    Оқылғаны: 303
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Almaty Arena спорт кешенінде ATP 250 Almaty Open турнирінің іріктеу кезеңінің жеребесі өтті.

Бірінші айналымда қазақстандық Михаил Кукушкин жапондық Даниэль Тароға қарсы ойнайды, ал Денис Евсеев әлемнің экс 17-ракеткасы, австралиялық Бернард Томичпен күш сынасады.

Ойындар бүгін сағат 11:00-де басталады. Матчтардың тікелей эфирін KTF.kz сайтынан көруге болады.

Негізгі кезеңнің жеребесі бүгін Көктөбеде өтеді.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер