Александр Бублик Қытайдағы турнирде бас жүлде үшін таласады

23.09.2025    Оқылғаны: 495
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Чанчжоу (Қытай) АТР 250 турнирінің финалына шықты. 

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 196-сатыдағы қытайлық У Ибинді қапы қалдырды. Екі сет те 6:3 есебімен аяқталды. Бір сағатқа созылған кездесуде Бублик 19 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Александр Бублик финалда әлемнің 88-ракеткасы, франциялық Валентен Руаемен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер