Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Дэвис кубогында жарысты жалғастыра алмайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы жарақатына байланысты қалған ойындарға қатыспайды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Александр Бублик жарысқа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды.
Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында екінші ойында Александр Бублик Квон Су Вонмен кездесті. 7:6, 3:0 есебімен кореялық спортшы жеңіп жатқан сәтте бәсеке жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды.
Кездесудің басында жамбасынан жарақат алған Александр ойынды екінші сетте рефери жаңбырға байланысты матчты тоқтатқанға дейін жалғастырды. Ауруды басатын дәрі-дәрмекке, медиктер мен массажшылардың күш салуына қарамастан, құрама көшбасшысы қалпына келе алмады.
Бапкерлік штаб федерация басшылығымен бірге келесі матчтарда құрамға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Ұлттық құрама міндеті күрделене түсті, өйткені Бублик жақсы бабында еді, команда ол екі ұпай алады деп үміттенген еді.
Осылайша, жұптық сында Тимофей Скатов пен Александр Шевченко шығады. Ал жекелей сында кімдердің ойнайтыны жұптық бәсекенің қорытындысына сәйкес белгілі болады.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.