Теннистен Қазақстан — Корея матчын Александр Шевченко бастайды

11.09.2025    Оқылғаны: 524
Дереккөз:
Автор:
Чхунчхон қаласында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан — Корея арасында өтетін плей-офф матчының жеребесі тартылды. 

12 қыркүйек күні жарыс шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол Чон Хенмен ойнайды.

Содан кейін Александр Бублик Квон Сун Вумен шеберлік байқасады.

13 қыркүйек күні Бейбіт Жұқаев — Тимофей Скатов жұбы Нам Чжи Сун — Пак Уй Сунмен кездеседі. Сосын Александр Шевченко — Чон Хен, Александр Бублик — Квон Су Вон бәсекелері жоспарланған.

Ойындар Songam Sport Town хард төсенішіндегі кортында өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойындар үш сеттік форматта өтеді. Регламентке сәйкес әр құраманың капитаны бәсеке басталмастан кемінде бір сағат бұрын ойыншыны алмастыра алады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер