Елена Рыбакина Алматыда жас теннисшілермен кездесті

11.09.2025    Оқылғаны: 452
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Алматыда болып, жас теннисшілерге қуаныш сыйлады. Қазақстсндық теннисші Gorky Tennis Park тәрбиеленушілерімен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді. 

Балалар теннисшімен тіл қатысып, сауалдарына жауап алды. Елена Рыбакинаның құнды кеңестерін тыңдады.

Кездесуден кейін теннисші баспасөз мәслихатын өткізді. Онда 16-21 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтетін командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының мүмкіндіктеріне тоқталды.

— Жеңіс үшін барымызды саламыз. Біздің қарсыласымыз — АҚШ құрамасы өте мықты. Онда кім ойнамасын, бәрі де алдыңғы саптағы ойыншылар, — деді Рыбакина.

Теннисші сондай-ақ әлеуметтік желімен де айналысып, командасымен бірге You Tube каналын ашқанын жеткізді.

Ұлттық тағамдарға қатысты пікірін білдірген Елена Рыбакина сәті түскенде, бауырсақты сүйсіне жейтінін айтты.

Елена Рыбакина сапар барысында Болат Өтемұратовтың қоры құрған «Асыл мирас» орталығында да болып, жұмысымен танысты.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер