Аружан Сағындықова Қытайдағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілді

08.09.2025    Оқылғаны: 662
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Луань (Қытай) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. 

Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты – 6:3. Осылайша, екі партияда қарсыласын сан соқтырған қазақстандық теннисші чемпиондық тұғырға көтерілді. 

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер