US Open: Александр Бублик АҚШ чемпионын жолдан тайдырды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда 2014 жылғы АҚШ чемпионы, қазіргі кезде рейтингіде 62-орында тұрған хорватиялық Марин Чиличке тап келді.
Бірінші партияда Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қарқынын одан сайын үдетті – 6:1. Үшінші сет те Бубликтің пайдасына шешілді – 6:4.
Бір сағат 50 минутқа созылған бәсекеде Бублик 16 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 46-ракеткасы, Италия өкілі Лоренцо Сонего немесе рейтингіде 96-сатыдағы аустралиялық Тристан Скулкейттің қай жеңгенімен таласады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.