Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

26.08.2025    Оқылғаны: 525
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турниріне арнайы шақырту алған рейтингіде 338-орындағы америкалық, 16 жастағы Джульетта Пареханы сынап көрді. 

Бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Екінші сетте Е.Рыбакина тіпті бет қаратпады – 6:0.

Елена Рыбакина үшінші айналымға өту үшін әлемнің 96-ракеткасы, 18 жастағы чехиялық Тереза Валентовамен ойнайды. 

Юлия Путинцева US Open бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 85-орында тұрған италиялық Элизабетта Кочареттомен өткізді.

Бірінші партияда италиялық спортшы 4:1 есебімен алға кеткенімен, Путинцева камбэк жасап, қатарынан бес геймді алды — 6:4.

Екінші сетте тай-брейкті Юлия сәтті аяқтай білді — 7:6 (7:4).

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 29-ракеткасы, ресейлік Анна Калинская немесе рейтингіде 178-сатыдағы америкалық Клерви Нгунуэнің қай жеңгенімен ойнайды.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер