Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды

23.08.2025    Оқылғаны: 883
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалында ойнады.

Жарыстың 1-ракеткалары Анна Данилина — сербиялық Александра Крунич финалда тайбэйлік Чань Хаочин — қытайлық Синью Яньмен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты — 7:6 (7:3).
Екінші сетті Анна мен Александра брейкпен түйіндеді — 6:4.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер