Президент кубогы: Қазақстандық жұп камбэк жасап, жартылай финалға шықты

14.08.2025    Оқылғаны: 415
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды. 

Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова — Дарья Зелинскаяны ұтып кетті.

Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты — 6:1. Есесіне екінші сетте Сағындықова — Дмитриченко қарымта қайырды — 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді — 10:7.

Аружан Сағындықова — Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова — Сабрина Олимжановамен ойнайды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Forte Bank. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер