Цинциннати турнирі: Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

14.08.2025    Оқылғаны: 511
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің ширек финалына өтті. 

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады – 7:6 (7:3).  Екіншісінде Рыбакина есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы үстемдік танытты - 6:2.

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Енді Елена жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. 

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер