Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алды

12.08.2025    Оқылғаны: 310
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін өзара алты рет кездесіп, соның бесеуінде қазақстандық спортшы басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қателікке жиі бой алдырды – 4:6.  Есесіне екінші сетте 3:0 есебімен алға шықты. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Үшінші, шешуші партияда есеп 5:5 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:5. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.

Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі..

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер