Жапониядағы Ролан Гарростың іріктеу турниріне елімізден үш жас теннисші жолдама алды

11.08.2025    Оқылғаны: 521
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Алматы қаласында жасөспірімдер арасында Ролан Гарростың Батыс және Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі аяқталды. 

Қыздар арасында финалда қазақстандықтар Әдия Омарбек пен Еркежан Жанатаева кездесті. Әдия Еркежанды 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Ұлдар арасында қазақстандық Мансұр Сайынов өзбекстандық Акмаль Абуллаевты камбэкпен тізе бүктірді - 5:7, 6:1, 6:4.

Осылайша, аталған төрт теннисші 13-19 қазанда Жапонияда өтетін соңғы іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Онда 2026 жылы жасөспірімдер арасында өтетін Франция ашық чемпионатына бір жолдама беріледі.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев жас спортшылардың шеберлігін арттыруда мұндай додаларды елімізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

- Алматыда Ролан Гарростың іріктеу турнирі осымен екінші рет ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан теннис мектебінің жас түлектеріне өз жерімізде мықты қарсыластармен бәсекеге түсіп, шыңдалуына мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары жастарымыз халықаралық жарыстарда көптеген табысқа қол жеткізді. Олардың бұдан былай да сәтті өнер көрсетіп, еліміздің атын шығара беретініне сенімдімін, - деді Дияс Досқараев.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Forte Bank. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер