Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің финалында сүрінді

11.08.2025    Оқылғаны: 530
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы соңғы бәсекеде әлемнің 185-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен чемпиондық атаққа таласты.

Скатов матчты сәтті бастады — 6:3. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады — 2:6, 4:6. Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

Аталмыш жарыста финалға дейін жеткен Тимофей Скатов ATP Live рейтингісінде 259-орынға көтеріліп тұр.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер