Андрей Голубев халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

25.11.2013    Оқылғаны: 8017
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

  Қазақстандық Андрей Голубев Ресейдің Тюмень қаласында өткен «Челленджер» тунирінің жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында ресейлік Андрей Кузнецовты 6:4 және 6:3 есебімен ұтты. Осы сайыстың қорытындысы бойынша, жерлесіміз 80 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 82 орынға көтерілді.

  Шешуші кездесуге дейін біздің спортшы Аслан Карцаевты 7:5, 6:4 есебімен жеңсе, екінші айналымда Ричард Музаевты 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, жартылай финалда жарыстың бірінші ракеткасы ресейлік Теймураз Габашвилины екі сетте 6:4,6:2 есебімен қапы қалдырды.


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.