Алматыда ЦСКА теннис оратлы,ында халықаралық ITF Juniors G3 жасөспірімдер жарысы басталды

05.06.2013    Оқылғаны: 6777
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

  Қазақстан атынан Роман Хасанов, Тимур Хабибулин Қасымбек Ақжаркенов және Арсан Арашов екінші айналымға жолдама алды.

  Жарыстың алғашқы кезеңінде шымкенттік Роман Хасанов 6:4,6:4 есебімен Түркия елінен келген спортшы Егехан Серткаяны қапы калдырды. Енді ол ресейлік Тимур Игембердиевпен кездеседі. Сайыстың жетінші ракеткасы Тимур Хабибулин өзінің отандасы Родион Пакты екі сетте жерге қаратты. Енді ол өзбек теннисшісі Ойбек Абдурахимовпен ракетка кездесетін болады.
Сондай-ақ, Қасымбек Ақжаркенов Қырғыстан азаматы Илья Семеновтан басым түсті. Есеп- 6:1,7:5. Ақжаркенов екінші ойында түрік теннисшісі Мерт Адаланимен ойынға шығады. Арсан Арашов бірінші ойынды өзбек Санетулла Құтыбаевқа қарсы ойнаған болатын. Екінші сетте оның қарсыласы ойыннан бас тартты. Біздің спортшы келесі кездесуін грузиялық Шото Мепаридзеге қарсы қортқа шығады.

  Қыздар сеткасында бес қазақстандық спортшы қыздар келесі кезеңге шыққан болатын. Жарыстың екінші ракетасы Александра Гриншина жерлесі Карина Калькеноваға тек бір гейм ұтылған болатын. Жалпы есеп - 6:0,6:1 Гричишинаның пайдасында. Келесі кезеңде ол белорусиялық Алина Зубковаға қарсы ойнайды. Сондай-ақ, Екатерина Губанова және Анастасия Епишева сүрінбей келесі айналымға шықты. Ал Алена Немчен, Екатерина Клюева және Анастасия Бесараб тартысты ойын көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Алена Немчен ресейлік Ирина Лидковскаямен кездесіп, екі сетте басымдық таннытты. Екатерина Клюева болса ресейлік Виктория Климушкинаны, ал Анастасия Бесараб Түркия спортшысы Еже Томейді үш сетте жеңген болатын. Бесарабтың келесі қарсыласы жерлесі- Екатерина Клюева.


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.