Александр Недовесов: "Ойын мен күткендей болмады"

22.02.2021    Оқылғаны: 113
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Forte Challenger 100 турнирінің іріктеу матчтары аяқталды. Қазақстандық Александр Недовесов турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады. Ол Владислав Манафовтан 3:6, 6:3, 3:6 жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Ойын 1 сағат 56 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Недовесов бес брейктің екеуін орындап, тоғыз мәрте эйс жасады және доп беру кезеңінде екі қатеге бой алдырды. 

« Матч жақсы өтті, бірақ жеңісті тойлау мүмкін болған жоқ. Ойын мен күткендей өтпеді. Енді жұптық сындағы матчтарға дайындаламын, бар мүмкіндігімді көрсетіп, турнир кестесінде мейлінше алға жылжыуға тырысамын», - деді Александр Недовесов матчтан кейін ҚТФ баспасөз қызметіне.

Негізгі кезеңге тағы үш теннисші жолдама алды. Ресейлік Иван Недельконы жеңген британдық Райан Пенистон - 6:3, 6:4. Ресей өкілі Павел Котов командалас досы Алексей Захаровтан басым болды - 7:5, 1:6, 6:3. Сонымен қатар, келесі кезеңге өткен үшінші теннисші  эквадорлық Роберто Киросты тізе бүктірген Богдан Бобров (Ресей) - 6:4, 5:7, 6:4.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер