Forte Challenger 100 турнирінің жұптық сынындағы кездесулердің жеребесі тартылды

20.02.2021    Оқылғаны: 156
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Forte Challenger 100 турнирінің жұптық сынында өнер көрсететін спортшылар арасындағы жеребе нәтижелері белгілі болды - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық Александр Недовесов пен украиндық Денис Молчанов турнирдің бірінші нөмірі ретінде іріктелді. Олар қазақстандық Сагадат Аяп/Данил Озерный жұбына қарсы ойнайды.
Нұр-Сұлтандағы жарыста тағы жеті қазақстандық жұп өнер көрсетеді. Денис Евсеев Өзбекстан өкілі Денис Истоминмен жұптасып, алғашқы кездесуін португалдық Фредерико Феррейра Сильвамен және Чех Томаш Мачакпен өткізеді. Тимофей Скатов пен Достанбек Ташбулатов канадалық жұп Петр Полански/Брейден Шнурмен ойнайды. Дмитрий Попко мен грузин Александр Метревелидің қарсыластары ресейлік Ян Бонадревский мен чех Доминик Палан.
 
Турнир кестесінің толық нұсқасымен төменде танысуға болады.


 
Барлық матчтардың екі корттан жүргізілетін тікелей эфирін бір уақытта WWW.KTF.KZ  сайтында көруге болады
 
Турнирлердің бас демеушісі - ForteBank.
Турнирлердің ресми серіктестері - Kazzink, Terra Motors, Aqua Rossa.
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер