Путинцева мен Дияс Санкт-Петербург турниріне қатысады

18.02.2021    Оқылғаны: 159
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Санкт-Петербург WTA турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 15-21 наурызда өтетін St.Petersburg Ladies Trophy жарысын ұйымдастырушылар қатысушылардың алдын ала тізімін жария етті. Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 12-орында тұрған, 2016 жылы Санкт-Петербург додасының финалына дейін жеткен швейцариялық Белинда Бенчич турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген. Ю.Путинцева 2017 жылы осы жарыста табысты өнер көрсетіп, финалда франциялық Кристина Младеновичпен кездескен болатын. Онда қазақстандық теннисші 2:6, 7:6, 4:6 есебімен есе жіберді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер