2021-олимпиада жылы

19.01.2021    Оқылғаны: 268
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
 
Негізінде олимпиада 2020 жылы өтуі керек еді. Өкінішке орай  COVID-19 коронавирустық инфекцияның пандемиясы ХОК мен XXXII жазғы олимпиада ойындарының ұйымдастырушысы – Токио басшылығын жылдың ең маңызды спорттық додасын кейінге шегеруге мәжбүрледі.  Сондықтан біз 2021 жылдың маусымы мен оның екінші жартысын енді олипиадалық призма арқылы қарастырамыз. Өйткені «Үлкен дулыға» турнирі, Дэвис кубогы мен  Билли Джин Кинг кубогы және тағы да басқа турнирлер жыл сайын өтетін жарыстар, ал Олимпиада ойындары төрт жылда бір келетін дүбірлі дода. Айулы жарыста өнер көрсетудің өзі споршының мансабындағы ұмытылмас айшықты оқиғалардың бірі. 
 
Токиоға кім барады?
 
2018 жылдың наурыз айында Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) XXXII жазғы Олимпиада ойындарына теннисшілерді іріктеу тәртібін жариялады. Бірақ ол кеде Токио-2020 кейінірек Токио-2021 атанарын кім білген? 
 
2020 жылғы маусым айының басында біліктілік регламентіне түзетулер енгізілді: оған сәйкес теннисшілерге Олимпиада жолдамасын беру 2021 жылғы 7 маусымдағы АТР мен WTA рейтингі негізінде жүзеге асырылады. Бір елден 12-ден аспайтын спортшы (алты ер адам мен әйелден) ғана шыға алады. Жеке разрядтарға 64 теннисші, жұптарға – 32 дуэт, микстке – 16 жұп қатысады. ITF 2021 жылдың 10 маусымынан кешіктірмей Токиоға кімдердің іріктелгені туралы хабардар етіп, ал ұлттық федерациялар 17 маусымға дейін өтініш беруі керек.
 
Бүгінгі таңда біздің төрт теннисшіміз олимпиада талаптарына сай келеді – Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және... Ярослава Шведова. Иә-иә! Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейін Слава соңғы рет Ролан Гаррос-2017-ге қатысқан. Оның ол кездегі жеке рейтингтегі орны 45-ші және жұпта 14-ші болатын. Ал 2018 жылдың желтоқсанында WTA жүктіліктен кейін, отбасын құрғаннан кейін немесе денсаулығына қатысты үзілістен кейін Турға қайта оралуды жеңілдедетін «арнайы рейтинг ережесін» (Special Ranking Rule) қабылдады. Дәл осы ереженің арқасында әйелдер құрамасының капитаны олимпиада жолдамасына иелік ете алады. Ең бастысы жарақаттан аман болу…
 
Ұлттық құраманың басқа ойыншыларына келер болсақ, маусым айына дейін түрлі деңгейдегі бірнеше жарыс  өтеді. Сондықтан Зарина Дияс, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтердің олимпиада жолдамасына таласуға әлі де мүмкіндігі мол.  
 
Рейтингке ілікендер…
 
Теннисшілеріміздің соңғы үш жылдағы ATP мен WTA рейтингіндегі орындарының кестесіне назар аударуларыңызды ұсынамын:
 
Аты-жөні Туған
жылы
Жеке рейтинг Жұптық рейтинг
2018 2019 2020 Үзд. 2018 2019 2020 Үзд.
 Александр БУБЛИК 17.06.1997 162 56 50 45 309 320 90 87
 Михаил КУКУШКИН 26.12.1987 53 67 89 39 451 140 76 67
 Дмитрий ПОПКО 24.10.1996 351 186 170 165 574 969 380 304
 Александр НЕДОВЕСОВ 15.02.1987 180 304 331 72 399 199 131 115
 Денис ЕВСЕЕВ 22.05.1993 359 280 383 280 301 316 312 270
 Тимофей СКАТОВ 21.01.2001 584 445 438 1422 1346 1263
 Андрей ГОЛУБЕВ 22.07.1987 741 774 33 169 88 65
 Григорий ЛОМАКИН 18.03.1998 836 837 814 596 327 371 324
 Достанбек ТАШБУЛАТОВ 27.06.2000 877 947 871 1338 1038 993
 Сағадат АЯП 25.05.1995 966 1067 886 591 516 574 509
 Тимур ХАБИБУЛИН 2.08.1995 1113 1093 753 157 264 333 154
 Тимур МАУЛЕНОВ 30.05.2000 1273 1244 1203 1256 932 874
 Ростислав ГАЛЬФИНГЕР 12.11.2002 1599 1520
 Ерасыл МҰРАТ 16.12.2001 1657 1747 1650
 Бекзат ҮСІПБЕКОВ 11.07.2001 1893 2016 1886
 
 
Аты-жөні Туған
жылы
Жеке рейтинг Жұптық рейтинг
2018 2019 2020 Үзд. 2018 2019 2020 Үзд.
 Елена РЫБАКИНА 17.06.1999 182 37 19 17 468 515 363 344
 Юлия ПУТИНЦЕВА 7.01.1995 44 34 28 27 646 160 187 160
 Зарина ДИЯС 18.10.1993 89 77 80 31 263 452 470 89
 Анна ДАНИЛИНА 20.08.1995 345 300 282 269 141 123 138 120
 Гозаль АЙНИТДИНОВА 22.08.1998 508 503 458 396 825 964 690 611
 Жибек КУЛАМБАЕВА 26.03.2000 816 623 625 590 769 678 619 610
 Екатерина ДМИТРИЧЕНКО 16.10.2001 943 798 889 723 960 555 544 527
 Дарья ДЕТКОВСКАЯ 26.02.2000 924 1011 1097 786 845 936 989 700
 Галина ВОСКОБОЕВА 18.12.1984 1280 1324 42 63 49 71 26
 Камила КЕРИМБАЕВА 18.06.1995 291 1098 303
 Ярослава ШВЕДОВА 12.09.1987 25 3
 
Не ексең, соны орасың
Теннис маусымы өте қысқа. Бұл уақыт әдетте теннистен демалу үшін емес, жаңа маусымға арналған функционалды базаның негізін қалауға арналады. Бұл ретте Қазақстан теннис федерациясының (ҚТФ) күрделі кезеңге қарамастан 6-27 желтоқсан аралығында теннисшілер мен олардың жеке жаттықтырушыларының үлкен тобы үшін үш апталық – оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.
Ерлер және әйелдер құрамасының бас бапкерлері Юрий Щукин мен Ярослава Шведова (Слава, футбол терминологиясымен – алаңдағы жаттықтырушы), сондай-ақ ҚТФ фитнес жөніндегі аға жаттықтырушысы Дмитрий Костецкийдің басшылығымен Дубайда (БАӘ) Бублик, Кукушкин, Недовесов, Евсеев, Скатов, Голубев, Ломакин, Ташбулатов, Хабибулин, Рыбакина, Дияс, Данилина жаттығып, жиынның екінші жартысында оларға Айнитдинова мен Құламбаева қосылды.
Әлеуметтік желілерде жарияланған посттар мен фотосуреттерге қарағанда, оқу-жиыны жемісті әрі нәтижелі және көңілді өткен. Ал төгілген тер көп ұзамай алғашқы жемісін берді…
 
№3-Финал
Теннисшілердің бабы мен бағын сынаған алғашқы турнир қазақстандық демалушыларға жақсы таныс Түркияның Анталиясында өткен Antalya Open 250 турнирі болды.  
 
Жекелей сында ұзақ уақытқа үзіліс алған Андрей Голубев (№776) іріктеудің бірінші кезеңінде 23 жастағы словак Алекс Молчанға (№313) жол берді: 2:6, 5:7, ал команда серкесі  Александр Бублик (№49) финалға дейңн жетті! Итальяндықтар мен француздарды жарыс жолында қапы қалдырды: Сальваторе Карузо (№76) – 6:3, 6:3, Тристан Ламазин (№271) – 6:2, 6:4, Маттео Берреттини (№10) – 7:6 (8:6), 6:4, Жереми Шарди (№72) – 6:4, 6:7 (4:7), 6:3.
Өкінішке орай, жартылай финалда ол оң аяғының табанынан жарақат алған еді. Жігерлік танытып, жеңіске жеткенімен, финалдық кездесуде австралиялық Алекс Де Минаурға (№23) қарсы ойнауға шамасы 7 минутқа ғана жетті: Матч 0:2 есебі кезінде, ол денсаулығына зиянды күшейтпеу үшін ойыннан бас тартуға шешім қабылдады.
2019 жылы Саша ATP турнирлерінің финалына екі рет шықты – американың Ньюпортында шөпте және Қытайдың Чэнду қаласындағы хард кортында. Олимпиадалық жыл осындай жарқын жеңістермен басталды!
Жұптық өнер көрсетуде біршама танымалдыққа ие болған Андрей Голубев пен Александр Недовесовтың дуэті бұл жолы діттегенге жете алмады. Александр мен украин Денис Молчанов фин жұбы Эмиль Руусувуори/Харри Хелиоваарадан айласын асыра алмады: 3:6, 2:6. Бірақ Голубев пен Бублик жұбы күтпеген жерден бірінші айналымда бельгиялық Дэвид Гоффен (№14) және француз Пьер-Оңтүстік Эрберді (жұптық рейтингтегі әлемнің экс-2-ракеткасы) – 6:3, 0:6, [12:10] есебімен тізе бүкірді. Алайа жұптық ойынның шебері саналатын тәжірибелі Француз Фабрис Мартен (№26п) мен Жереми Шарди (№34п) жұбынан жеңіліп қалды: 1:6, 1:6.
Михаил Кукушкинге (№89) келетін болсақ, оның олимпиада маусымындағы алғашқы турнирі 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Мельбурнде өтетін Great Ocean Road Open (AТР Melbourne 2 турнирімен басталады. Михаилдің қарсыластары әкі теннсишілер: швейцариялық Стэн Вавринка (№18), болгар Григорий Димитров (№19), канадалық Феликс Оже-Альяссим (№21), хорват  Борна Чорич (№25) мен Марин Чилич (№43), норвегиялық Каспер Рууд (№27), американдық Тейлор Фриц (№30)…
 
Біздің квинтет Абу-Дабиде
Деңгейі мен жүлде қоры жағынан ерлер турнирінен асып түскен БАӘ астанасы Абу-Дабиде өткен турнирге әйелдер құрамасының үлкен десанты аттанды.
Ұлттық құрама мүшесі Анна Данилина (№282) қытайлық Ян Чжаосюаньға (№789, Қытай) жол берді – 6:3, 6:7 (4:7), 4:6. 25 жастағы Чжаоның қазіргі рейтингіне күмәнмен қарамаңыздар, ол бір кездері әлемнің 151-ракеткасы болған.
Белсенді ойнағанымен, 23 жастағы итальяндық Бианка Туратиге (№318)  шамасы жетпеген Ярослава Шведованың (р/ж) турнир тәжірибесі жетіспейтіні анық көрінді: 1:6, 2:6. 1-ші айналымда ресейлік Екатерина Александроваға (№33) 4:6, 4:6 есебімен жол берген Зарина Дияс (№80) жарыс жолынан ерте шығып қалды.
Итальяндық Мартин Тревизаны (№85) – 6:3, 6:3, ал чехиялық Барбора Крейчикованы (№65, Чехия) – 6:4, 7:5 еебімен жеңген Юлия Путинцева (№28)  өкінішке орай 2020 жылдың үздік ойыншысы американдық София Кениннен (№4) айласын асыра алмады: 6:3, 6:7 (5:7), 4:6.
Елена Рыбакина (№19)   Абу-Дабиде үш жеңіске жетті: итальяндық Лукретия Стефаниниді (№394) жеңді– 6:1, 6:3, ал қытайлық Сю Ван (№123) – 6:4, 6:4 және ресейлік Дарья Касаткина (№72) – 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің мықтылығын мойындады.  Әйтседе жерлесіміздің Беларуссиядан келген Арина Соболенкоға (№10) тісі батпады: 4:6, 6:4, 3:6. Айтпақшы, Лена – 2021  жылғы маусымның бірінші турнирінің жеңімпазымен сетте жеңіске жеткен жалғыз ойыншы.
Жұптық турнирде Рыбакина/Шведова дуэті алғашқы кездесуде-ақ турнирдің болашақ финалистері Хейли Картер (АҚШ) және Луиза Стефани (Бразилия) жұбына  3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
 
Келесі аялдама – Австралия! Карантинге.
8 ақпанда басталатын 2021 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі торында Қазақстан намысын жеті теннисші қорғайды. Әйелдер арасында екі санатта Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Мельбурнға АҚШ-тан ұшып келген Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Ерлер арасында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин, және Бублик/Андрей Голубев жұбына сенім артамыз. Australian Open турниінің негізгі кестесіне өту жолдамасы сарапқа салынған Катар астанасы Дохадаға турнирде, өкіншіке орай біздің теннисшілерден ешкім іріктелген жоқ.  
Australian Open турниріне қатысудың міндетті шарты – 2 апталық карантиннен өту. Осы уақыт аралығында спортшылар тек өз  командасының мүшелерімен ғана  кездесіп, белгіленген бір әріптесімен ғана спаррингке шыға алады.  Бұл туралы Лена Рыбакина өз ойымен былай бөліскен еді: «Біз Мельбурнға 15 қаңтарда ұшып келдік, алдағы екі аптада карантинде боламыз. Фитнес-жаттығуларды қоса алғанда жаттығулар үшін бізге күніне бес сағаттан бөлінді. Екі апталық карантиннен кейін біз ешқандай шектеусіз еркін жүруге мүмкіндік аламыз».
Қазақстан құрамасының басқа мүшелері жарыстардан тыс қалмайды, олар ақпан айында Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтанда өтетін турнирлерге қатысады.
 
Александр Ляхов, арнайы ktf.kz үшін
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер