Нұр-Сұлтан қаласында "10 жасқа дейінгі теннис" бағдарламасы бойынша семинарлар аяқталды"

19.01.2021    Оқылғаны: 346
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
2021 жылғы 16-18 қаңтар аралығында Нұр-сұлтан қаласында жаттықтырушыларға арналған "10 жасқа дейінгі теннис" бағдарламасы бойынша үш күндік семинар- шеберлік сыныптары өтті. Қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 60 жаттықтырушы қатысты. Семинарды өткізу үшін балалар теннисі бойынша әлемдегі ең үздік мамандардың бірі, жаттықтырушыларды оқытуда 20 жылдан астам тәжірибесі бар Майк Баррелл шақырылды.

"Қазақстан теннис федерациясының басшысы лауазымындағы Болат Жәмитұлы Өтемұратов балалар теннисін дамытуға ерекше көңіл бөледі. "10 жасқа дейінгі теннис" ҚТФ бағдарламасы - әлеуметтік жоба. Ол әлемнің үздік корттарында ел намысын қорғауға қабілетті спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. Бағдарламаның негізгі идеясы - оқу процесін мүмкіндігінше ертерек бастау.
Семинарға көптеген жаттықтырушылардың жиналғанына өте қуаныштымын. Шын мәнінде, ҚТФ бұл семинарды өткен жылы өткізуді жоспарлады, бірақ пандемияға байланысты шараны 2021 жылдың басына ауыстыруға тура келді. Біз жаттықтырушылардың мықты базасы болуы тиіс деп санаймыз, яғни балалар 12-14 жаста жақсы ойын дағдыларымен келулері керек, бұл үшін олар ерте жастан бастап қызығушылық танытқаны маңызды, жаттығу процесі баурап, өздерінің қалай дамитынын сезінуі және ең бастысы көңілдің марқаюы өте маңызды. Біз бағдарламаның барлық өңірлерде толық жолға қойылғанын қалаймыз. Шеберлік сабағынан алған дағдыларыңызды міндетті түрде жаттығу үдерісіне енгізесіз деп үміттенеміз"
,-деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице - президенті Юрий Польский.

Семинар соңында әр қатысушы ҚТФ басшылығы қол қойған сертификат алды. Бекітілген жоспарға сәйкес жаттықтырушылардың кезекті көшпелі оқу-жаттығу семинары келесі қалаларда өтеді:

Шымкент қ. (20-22.01.2021);
Алматы қ. (24-26.01.2021);
Ақтөбе қаласы (28-30.01.2021).

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер