Александр Бублик жарақатына байланысты ақтық ойынды жалғастыра алмады

13.01.2021    Оқылғаны: 99
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жеңімпазы атана алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Бублик финалда әлемнің 23-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурмен кортқа шықты. Бірінші партияда есеп 0:2 болған кезде қазақстандық теннисші жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

«Кеше тобығымды ауыртып алсам да, бар күшімді жұмсап, матчты бітірдім. Содан кейін үш сағат бойы физиотерапевте болдым. Жарақатыма қарамастан, бүгінгі ойынға дайындалдым. Өкінішке қарай, ATP турнирлеріндегі үшінші финалды да ұта алмадым», - деді матчтан кейінгі сұхбатында Александр Бублик.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.